Елена Рыбакина әлемнің 1-ракеткасы атанатын тамаша мүмкіндігінен айырылды.
Ол АҚШ-та өтіп жатқан турнирдің ширек финалында польшалық Ига Швентёкпен кездесіп, жарақатына байланысты жарысты мерзімінен бұрын аяқтады. Яғни Рыбакина алғашқы сетте есеп 1:4 болып тұрған кезде ойынды жалғастырудан бас тартты. Ал польшалық теннисші жартылай финалда АҚШ спортшысы Джессика Пегуламен кездеседі. Айта кетейік, жерлесіміз әйелдер арасында көш бастап тұрған Арина Соболенкодан 434 ұпайға қалып келе жатыр.
Тегтер #Рыбакина #жарыс #Ига Швентёк #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz