RU
Толық нұсқаға өту

Астанада күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді

21.08.2026, 11:00 38

Астана араға 7 жыл салып, күрес түрлерінен әлем чемпионатын қабылдайды.

Жаһандық дода 24 қазан мен 1 қараша аралығында Барыс Аренада өтеді. Байрақты бәсекеде еркін күрес, грек-рим және әйелдер күресінен 30 салмақта жүлделер сарапқа салынады. Біріншілікке бас аяғы 100-ден астам елден мыңға жуық спортшы қатысады деп күтілуде.

Еркін Оқас, Қазақстан күрес федерациясының президенті:

- Бұл жерде жалғыз біз емес, Еуропа елдері, Азиядан Өзбекстан, Қырғызстан ұсыныстарын тастады. Сайлаудың соңғы раундында БІшкек пен Астана өтті. Тартысты талас болды. Бірақ Астана ұтып алды. Сол үшін бәріңізді құттықтағым келеді. Ол жалғыз мен үшін емес, жалғыз федерация үшін емес, біздің ел үшін үлкен шара.  

Гүлбарам Құлахметова, Қазақстан күрес федерациясының бас хатшысы:

- Чемпионатты ұйымдастыруға 250 волонтер жұмылдырылады. Қонақтарды қарсы алу және ареналдағы көптеген бағыттарға қатысады. Бұл чемпионаттың біз үшін ең маңызды міндеттерінің бірі жаңа буынды күреске жақындату. Бүгін спорт мектептері мен секцияларында жаттығып жүрген балалар қазан айында әлемнің үздік балуандарын теледидардан ғана емес өз елінде өз көзімен көре алады.   

«Қайрат» алғашқы ойында ұтылды

Футболдан «Қайрат» клубы Еуропа лигасы аясында өз алаңында «Андерлехтке» есе жіберді. Қорытынды есеп 3:0. Бельгиялық ұжым ысқырық шалынысымен шабуылға көшіп, ойынның 2-минутында Якко Оксанен өз қақпасына гол соғып алды. Қонақтар алған бетінен қайтпай матчтың 24-минутында есепті еселесе, 46-минутта үшінші голдарын соқты. Енді қарымта ойын 27 тамыз Брюссельде өтеді. Егер алматылықтар Еуропа лигасының плей-офф кезеңінен өте алмаса автоматты түрде Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz