Шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында FIDE рейтингінде көш бастап тұр. Блицтен 3 дүркін Әлем чемпионы 59,76 ұпай жинап, қарсыластарын шаң қаптырып кетті. Екінші орынға 39,83 ұпаймен қытайлық спортшы жайғасса, үздік үштікті 29,70 ұпаймен Үндістан өкілі түйіндеп тұр.
Айта кетейік, FIDE ірі халықаралық турнирлердің нәтижесі есептелетін арнайы рейтинг жүйесі. Маусым қорытындысы бойынша, көш бастаған шахматшы «Үміткерлер» турниріне тікелей жолдама алады. Әзірге Бибісара өзін өкшелеп келе жатқан қарсыласынан 20 ұпайға алда.
Тегтер #Бибісара Асаубаева #әлемдік рейтинг #шахмат #FIDE #чемпионPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz