RU
Толық нұсқаға өту

Қырғызстандағы Көшпенділер ойындары. Көкпардан жарыс қашан болады?

24.08.2026, 09:10 65

Жылдың басты жарысына дайындық

Фармоколог, диетолог және психолог. Қазақ боксшыларына көмектесетін ғылыми топ құрылды. Яғни Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құраманы жаңа мамандармен толықтырды. Оның ішінде жоғарыда айтқан фармоколог, диетолог, психолог, бұған қоса дәрігерлер мен массажистер бар. Олар алдағы Азия ойындары қарсаңында қазақ қыз-жігіттерінің жанында болып, жүйелі дайындық жүргізуіне көмектеседі. Жылдың басты жарысында ел намысын қорғайтын былғары қолғап шеберлері қазір Алматы іргесіндегі базада  жаттығып жатыр. Азия ойындарының өзі қырүкйектің соңында басталады. Он Жапонияның Нагоя қаласы қабылдайды. Біздің боксшылар барлық салмақта бақ сынайды. Яғни ерлер арасында 7, әйелдер арасында 5 спортшымыз жүлдеге таласады.

Cамат Адхам, Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы

Азия ойындарына жиырма бұрымды боксшымыз аттанады. Тура бір бір айдан кейін Жапонияның Нагоя қаласында жылдың басты жарысы басталады. Оған қазақ боксшылары тыңғылықты дайындалып жатыр. Әсіресе әйелдер арасында бес спортшымыз жүлдеге таласады. Атап айтқанда, Алуа Балқыбекова, Назым Қызайбай, Виктория Графеева, Аида Әбікеева және Наталья Богданова шаршы алаңға шығады. Десе де, Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құрамадағы екінші, үшінші және төртінші нөмірлі боксшыларға да жарысқа баруға мүмкіндік беріп отыр. Олар ел намысын қорғайтын қыздармен жұпта жұмыс жасап, дайындыққа көмектеседі. Бұған қоса басқа елдің өкілдерімен қолғап түйістіріп, тәжірибе жинайды. Азия ойындарының өзі тура бір айдан кейін өтеді. Бокс бойынша жекпе-жектер 21 қыркүйекте басталады. Жартылай финал 29 қыркүйекке, ал финалдар 2 қазанға жоспарланып отыр.

Елдос Сайдалин, ұлттық құраманың бас бапкері

Көшпенділер ойындарына дайындық қызу

Көкпаршыларға әлемдік бренд киім дайындап жатыр. Яғни, ұлттық спорт өкілдеріне олимпиадалық спорт өкілдерімен бірдей жағдай жасау қолға алынды. Бұл жөнінде ұлттық және ат спорты орталығының басшысы Қайрат Пазылбек мәлімдеді. Оның айтуынша, былтыр спорт туралы арнайы заң қабылданды. Соның аясында ұлттық спорттың дәжесін көтеріп, олимпиадалық бағыттармен теңестіру туралы норма бар. Осы мақсатта алғаш рет көкпаршыларға  мемлекет тарапынан ерекше көңіл бөлініп, тиісті жағдайдар жасалуда. Оның ішінде киім-кешекпен және керек-жарақпен қамту тетіктері бар. Су жаңа форма ресми түрде ертең табысталады. Айта кетейік, дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл көрші қырғыз елінде болады. Жарыс 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал көкпар бойынша бәсекелер 2-5 қыркүйек аралығында өтеді.

Қайрат Пазылбек, ұлттық және ат спорты орталығының басшысы

Атбегілердің еңбегі елеусіз қалмауы қажет. Яғни көкпарға ат дайындап отырған мамандардың да өзіндік рейтингін жасап, арнайы бағалау жүйесін енгізу мағызды. Бұл жөнінде көкпардан ұлттық құраманың мал дәрігері әрі ат сыншысы Еркебұлан Қосай мәлімдеді. Оның айтуынша қазір Жамбыл, Түркістан, Алматы облысында мықты атбегілер бар. Көшпенділер ойындарына қатысатын сәйгүліктердің басым бөлігін солар берді. Алдағы уақытта тек спортшылар мен бапкерлерді ғана емес, оларға ат дайындаған мамандардың да еңбегін ескеру керек және арнайы ынталандыру тетіктері болса, ішкі бәсекелестік күшейіп, одан да мықты тұлпарлар шығары сенімді Еркебұлан Қосай. Айта кетейік, дүниежүзілік көшпенділер ойындары биыл көрші қырғыз елінде болады. Жарыс 31 тамызда басталып, 6 қыркүйекке дейін жалғасады. Ал көкпар бойынша бәсекелер 2-5 қыркүйек аралығында өтеді.

Еркебұлан Қосай, ат сыншысы

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz