Қазақстан құрамасы дзюдодан Гуаякильдегі (Эквадор) кадеттер арасындағы әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Қазақстандық дзюдошылар аралас командалар арасындағы жарыста чемпион атанды.
Финалда отандастарымыз Бразилия құрамасын 4:3 есебімен жеңді. Шешуші бәсекеде ел намысын Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Інжу Жұмажан (63 келіге дейін), Еркен Бекали (81 келіге дейін), Тоғжан Төлебай (63 келіден жоғары), Әділжан Жаудинов (81 келіден жоғары) және Иянат Жұбатқан (48 келіге дейін) қорғады.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы жекелей сайыстарда он медальға қол жеткізді.
Ғабит Расулхан (60 келіге дейін), Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және Әділ Жаудинов (90 келіден жоғары) әлем чемпионы атанды.
Адия Жанахмет (40 келіге дейін), Әділжан Нұрбекен (50 келіге дейін), Інжу Жұмажан (57 келіге дейін) күміс медаль жеңіп алды.
Ал Бекарыс Құдайберген (50 келіге дейін), Ахмет Баубек (60 келіге дейін), Ерік Үсенов (66 келіге дейін) және Еркен Бекали (73 келіге дейін) әлем чемпионатын қола медальмен аяқтады.
Тегтер #дзюдо #алтын медаль #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz