Қазақстанның үшінші ракеткасы Соня Жиенбаева әйелдер теннис қауымдастығының жаңартылған жекелей сындағы әлемдік рейтингінде өз позициясын едәуір жақсартты. Жаңа табельде спортшы бірден 70 жоғары көтеріліп, 384-ші орынға тұрақтады, деп хабарлайды «24KZ».
Айта кетейік, бұған дейінгі рейтинг жаңарту кезінде де Жиенбаева бірден 284 сатыға жоғарылап, үлкен қарқын көрсеткен болатын.
Еліміздің басқа да өкілдерінің көрсеткіштері әртүрлі. Атап айтқанда, Жибек Құламбаева сегіз сатыға төмендеп, 472-ші орынға сырғыды, ал Аружан Сағандықова 27 позицияны жоғалтып, 652-ші сатыға жайғасты.
Ал еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина бұрынғысынша көш басындағы қатарын сақтап, беларусьтік Арина Соболенкодан кейінгі екінші орынды иеленіп келеді.
Тегтер #Соня Жиенбаева #теннис #WTA #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz