Әзірбайжан астанасы Баку қаласында өткен қазақша күрестен XII әлем чемпионатында маңғыстаулық палуан Нұрдәулет Жарылғапов күміс жүлдеге қол жеткізді, деп хабарлайды «24KZ». Тартысты додаға дүние жүзінің 30-ға жуық елінен 300-ден астам спортшы жиналып, 16 салмақ дәрежесінде мықтыны анықтады.
Бейнеу ауданының тумасы, Қазақстан құрамасының сапында өнер көрсеткен Нұрдәулет Жарылғапов 100 килограмнан жоғары салмақ дәрежесінде финалға дейін жетіп, әлем біріншілігінің күміс медалін еншіледі.
Айта кетейік, бұл тәжірибелі палуанның халықаралық аренадағы алғашқы жетістігі емес. Ол бұған дейін 2022 жылы әлем чемпионы атанып, 2023 жылы Азия чемпионатында топ жарған болатын. Сондай-ақ 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында да жоғары нәтиже көрсеткен еді.
Тегтер #Баку #күрес #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz