15 боксшымыз жарысқа аттанып, 15-і де жүлдемен оралды. Ресейдің Красноярск қаласында «Достық Кубогы» деген атаумен жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнир өтті.
Оған Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресейдің 17 жасқа дейінгі өрендері қатысты. Бағдат Оңғарбеков пен Павел Дыбцев жетекшілік ететін ұлттық құрамамыз керемет нәтиже тіркеді. Шаршы алаңға шыққан 15 боксшымыздың 15-і де жүлдеге ілікті. Тіпті финалда қос қазақ баласы кездескен жағдайлар да болды. Әсіресе Бибарыс Сұлтан, Діәнмұхаммед Әнуар, Нұрасыл Ғалым, Нұрбақыт Төрегелді және Максим Осососвтар қарсыласшақ келтірмей, жарыс жеңімпазы атанды. Жалпы алар болсақ, қоржынымызда 6 алтын, 5 күміс және 4 қола бар. Осының арқасында жалпы есепте қазақстандық команда сенімді түре бірінші орын алды.
Мейірім Нұрсұлтанов титулға таласады
12 раундтық спарригтер басталды. Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов тура бір айдан кейін АҚШ төрінде чемпиондық белдікті сарапқа салады. Осыған байланысты қазір мұхиттың арғы жағында жаттығып жатыр. Бұған дейін ағайынды Камачолардың залында физикалық дайындықты пысықтаса, бүгінгі таңда бриг хаус базасында шеберлік шыңдап жатыр. Нақтырақ айтқанда, жергілікті кәсіпқой боксшылармен 10-12 раундтық спаррингтерге кірісті. Қарсыласым Хесус Рамосты әбден зерттедім және соған келетін боксшылармен қолғап түйістіріп жатырмын дейді Мейірім Нұрсұлтанов. Айта кетейік, Қос мықты, яғни қазақстандық Мейірім Нұрсұлтанов пен америкалық Хесус Рамос 19 қыркүейкте Сан-Диего қаласындағы жекпе-жек кешінде өзара мқытыны анықтайды. Бұл кездесуде орта салмақтағы WBC белбеуі сарапқа салынады.
Жылдың басты жарысына дайындық
Боксшыларымызға мұздатқыш ванналар мен оттегі камералары сатып алынды. Қазақстан бокс федерациясы Азия ойындары алында ұлттық құрамаға қажетті замануи технологиялармен қамтамыз етіп жатыр. Бұл құрылғылар спортшының ауыр жаттығудан кейін қалпына келуіне көмектеседі. Бұған қоса, фармоколог, диетолог, психолог, бұған қоса, дәрігерлер мен массажистер тұратын арнайы ғылыми топ құрылып, кешенді әзірлікке кірісті. Айта кетейік, жылдың басты жарысында ел намысын қорғайтын қазақ қыз-жігіттері қазір Алматы іргесіндегі жаңашар базасында дайындалып жатыр. Азия ойындарының өзі тура бір айдан кейін, яғни қыркүйектің соңында басталады. Оны Жапонияның Нагоя қаласы қабылдайды. Біздің боксшылар барлық салмақта бақ сынайды. Яғни ерлер арасында 6, әйелдер арасында 5 спортшымыз жүлдеге таласады.
Тегтер #боксшы #халықаралық турнир #спорт #титулPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz