RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҰОК

Қазақстан жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионатында 26 жүлде иеленді

26.08.2026, 16:34 35

Өзбекстанның Ташкент қаласында жеңіл атлетикадан Орталық Азия чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасы жарыста 11 алтын, 9 күміс және 6 қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.

Алтын медальді найза лақтырудан Ұлболсын Есіркеп, 100 метрге кедергілер арқылы жүгіруден Юлия Башманова, ұзындыққа секіруден Алина Чистякова, 100 және 200 метрге жүгіруден Виктория Ан иеленді.

Сондай-ақ ядро серпуден Иван Иванов, үш қарғып секіруден Мария Ефремова мен Зелимхан Насыров, 400 метрге жүгіруден Михаил Литвин чемпион атанды.

4×100 метрлік эстафетада Дарья Гридасова, Маргарита Назаренко, Антонина Чернышева және Юлия Башманова топ жарды.

Күміс жүлдеге Никита Изотов (800 м), Алмат Төлебаев, Богдан Чернобай, Даниил Момот және Ромео Петров (4×100 м эстафета), Алан Иванов (400 м), Милана Зубарева (400 м), Анастасия Калошина (балға лақтыру), Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру) және Анастасия Колода (400 м кедергілер) ие болды.

Қола медальді Давид Ефремов (110 м кедергілер), Ақбілек Құралбай (3000 м кедергілер), Томирис Ерматова (балға лақтыру), Варвара Дмитриева (үш қарғып секіру), Антонина Чернышева (100 м кедергілер) және Екатерина Колода (400 м кедергілер) жеңіп алды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz