RU
Толық нұсқаға өту

«Астана – есірткісіз қала» жастар спартакиадасы басталды

29.08.2026, 18:25 372

«Астана – есірткісіз қала». Елордада осындай атаумен жастар арасында спортакиада өтіп жатыр. 

Полиция департаменті мен волонтерлер ұйымдастырған жарыста 5 спорт түрінен 300-ге жуық қатысушы өнер көрсетуде. 

Астаналық жастар сенбінің таңын спорттық сайыстардан бастады. Қатысушылар үшін бұл тек жарыс емес зиянды әдеттерден аулақ болуға үндейтін маңызды бастама. Олар алғашқы кезеңде футбол мен волейболдан сынға түседі. Кешкісін Оқушылар сарайы аумағында үстел теннисі, гір тасын көтеру, арқан тарыстан өзара мықтыларды анықтайды.      

Әлия Қибатқызы, Астана қаласы ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бөлім бастығы:

- Аталған іс-шара полиция департаменті, қала әкімдігі және білім басқармасы басқа да қызығушылық танытқан мемлекеттік органдар сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдардың ұйымдастыруымен өткізіліп жатыр. Бұл іс-шараның ең басты мақсаты – халықтың әсіресе жастардың назарын нашақорлықтың алдын алуға аудару, есірткінің алдын алу болып есептеледі. Жыл басынан полиция қызметкерлерімен 450-ден астам заңсыз есірткі айналымына қатысты құқық бұзушылықтар анықталды. 

Спортакиада қатысушылары командалық және жекелей сайыстарда бақ сынап жатыр. Әр спорт түрі ептілік пен жылдамдықты ғана емес, командалық рух пен тәртіпті талап етеді. 

Арман Бағланұлы, жарысқа қатысушы:

- Шағын футбол ойыншысымын. Бүгін 8 команда футболдан, 8 команда волейболдан жарысқа қатысып жатыр. «Астана – есірткісіз қала» — өте жақсы бастама. Үнемі ойнаймыз. Осындай ойындарға қатысып тұрамыз. Қарсыластардың біразын білеміз. Алаң көрсетеді енді. Тек жеңіс тілеймін.

Ұйымдастырушылар жыл басынан бері есірткінің алдын алу бағытында 460-тан астам профилактикалық іс-шаралар өткізген. Оның ішінде түрлі акциялар мен семинарлар осындай спорттық сайыстар қамтылған.

Авторлары: Мерей Қанапия, Мейрам Жүнісов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz