RU
Толық нұсқаға өту

Дастан Сәтпаев «Бернлидің» үздік ойыншысы атанды

31.08.2026, 09:24 19

Дастан Сәтпаев «Норвичке» қарсы матчтың үздік ойыншысы атанды. Қазақстандық жас талант чемпионшип аясындағы кездесуге алғаш рет негізгі құрамда шығып, алаңда 95 минут өнер көрсетті.

Ол қарсылас қақпасына үш рет соққы бағыттап, 28 пастың 21-ін командаластарына дәл берген. Flashcscore порталы отандасымыздың ойынын 7,6 ұпайға бағалаған. Бұл – «Бернли» футболшылары арасындағы ең жоғары көрсеткіш. Дәл қазір клуб үш ойында 1 ұпай жинап, турнир кестесінде 22-ші орында келе жатыр. 

Ники Хайен, «Бернлидің» бас бапкері:

- 18 жастағы Дастан үздік ойыншы атанды. Басқа футболшылар да өздеріне қарап, сұрақ қоюы керек. Оның алаңға әкелген энергиясын, команда үшін қалай күрескенін көрдіңіздер. Барлығы дәл осылай ойнап, жоғары деңгейде өнер көрсетуі тиіс. Біз кезең-кезеңімен қажетті нәижеге жетеміз. Әрине, жанкүйерлердің менен көңілі қалғанын түсінемін. Маусым осылай сәтсіз басталады деп ойламадым. Алайда жағдайды өзгертетінімізге кепілдік беремін.  

Елена Рыбакина әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Оның еншісінде 7911 ұпай бар.

Беларусь өкілі Арина Соболенко 6585 ұпаймен екінші орынға төмендесе, АҚШ спортшысы Джессика Пегула 6495 ұпаймен үздік үштікті түйіндеп тұр. Десе де бұл – уақытша ұпайлар жиынтығы. Алда АҚШ-тағы US Open турнирінен кейін әлемдік рейтинг жаңаруы мүмкін. 

ҚПЛ: 24-тур қорытындысы

Астана сырт алаңда Атыраудан басым түсті. Футболдан Қазақстан премьер-лигасының 24-ші туры аясында елордалықтар Атырауға қонаққа барып, 2:3 есебімен жеңіске жетті. Артынша көкшетаулық «Оқжетпес» те дәл сондай есеппен қызылордалық «Қайсарды» тізе бүктірді. Ал шымкенттік «Ордабасы» «Қызылжардан», жезқазғандық «Ұлытау» «Жетісудан» басым түсті. Екі ойында да 3:0 есебі тіркелді. Сондай-ақ «Каспий» өз алаңында «Тобылды, елордалық «Жеңіс» өскемендік «Алтайды» жеңді. Қорытынды есеп 1:0. Ал ақтөбелік ұжым павлодарлық «Ертіске» қонаққа барып, 2:1 есебімен ұтылып қалды. Енді ертең семейлік «Елімай» өз алаңында «Қайратты» қабылдайды. Дәл қазір турнирлік кеседе «Ордабасы» клубы 55 ұпаймен жеке дара көш бастап тұр. Қайрат 48 ұпаймен 2-ші орынға жайғасса, «Астана» 42 ұпаймен 3-ші орында келе жатыр.

Абылайхан Жұбаназар Grand Slam турнирінде топ жарды

Дзюдодан Абылайхан Жұбаназар алғаш рет Grand Slam турнирінде топ жарды. Отандасымыз Швейцарияда өтіп жатқан жарыста 81 келіге дейінгі салмақта қарсылас шақ келтірмеді. Ол алғашқы айналымдарда Чехия, Ураина, Грузия палуандарын ұтса, ширек финалда ресейлік, жартылай финалда Біріккен Араб Әмірлігінің спортшысын тізе бүктірді. Ақтық сында Өзбекстан өкілімен белдесіп, сәл ғана басымдықпен жеңіске жетті. Осылайша, Қазақстан қоржынына Grand Slam турнирінің алғашқы алтын медалі түсті.

Бүгін көшпенділер ойындары басталады

Бүгін көршілес қырғыз елінде 6-шы Дүние жүзілік көшпенділер ойындары басталады. Дүбірлі додаға әлемнің 100-ге жуық елінен 3 мыңнан астам спортшы қатысады. Олар бас аяғы 43 спорт түрінен сынға түсіп, өзара мықтыларды анықтайды. Отандастарымыз соның барлығында өнер көрсетеді. Көшпенділер ойындарының ашылуы Бішкектегі жаңадан салынған стадионда өтеді. Негізгі мәдени және спорттық іс-шаралар Ыстықкөл облысында ұйымдастырылады. Жарыс 6 қыркүйекке дейін жалғасады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz