RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҰОК

Жәния Бекмұхамбетова Словенияда үстел теннисінен алтын медаль жеңіп алды

31.08.2026, 12:03 28

Қазақстандық Жәния Бекмұхамбетова үстел теннисінен Словенияның Оточец қаласында өткен WTT Youth Contender халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлайды 24KZ Ұлттық Олимпиада комитетіне сілтеме жасап.

Қазақстан құрамасының өкілі 13 жасқа дейінгі спортшылар арасында сынға түсіп, алтын медаль жеңіп алды.

Жарыс барысында Жәния словениялық Эма Калужаны, үндістандық Каавья Саринді, сингапурлық Линь Цзяцзюньді, хорватиялық Стелла Пресецкиді, Ника Грегурец пен Петра Липовшчакты 3:0 есебімен жеңді.

Финалда қазақстандық спортшы Сингапур өкілі Хуан Кристалды 3:1 есебімен ұтып, турнирдің алтын жүлдесін иеленді.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz