Польшаның Вежбна қаласында ат спортының конкур түрінен өткен Wierzbna Bialy Las халықаралық турнирінде Қазақстан құрамасы үш медаль жеңіп алды, деп хабарлайды 24KZ Ұлттық олимпиадалық комитетіне сілтеме жасап.
Жарыстың шешуші күнінде Раиса Соколенко мен Олег Соколенко CSI3* санатындағы 120 сантиметрлік кедергілер бәсекесінде топ жарды. Раиса Соколенко Chevalier атымен жарыс жолын айып ұпайынсыз аяқтап, алтын медаль иеленді. Олег Соколенко Shenanigan атымен екінші орынға жайғасты.
Ал үшінші орынды Польшаның өкілі Малгожата Кошуцка V-Querida of Vigo Z атымен жеңіп алды.
Раиса Соколенко бұған дейін де жүлдеге қол жеткізген. Ол CSI1* санатындағы 120 сантиметрлік кедергілер бәсекесінде күміс медаль жеңіп алған.
Осылайша, Қазақстан құрамасы халықаралық турнирді бір алтын және екі күміс медальмен қорытындылады.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #ат спорты #ПольшаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz