Кез келген кереметтің келмеске кетер кезі бар десек, спортта соның ішінде футболда да аңыздар дәуірінің аяқталатын уақыты болады. Дәл осы күндері Аргентина халқына ас батпай жүр.
Өйткені саңлақ ойыншы Лео Месси біржолата ұлттық құрамамен қош айтысыпты. Рас ол әлі спорттық мансабын аяқтаған жоқ. Алайда енді көгілдір түсті киімдегі Мессиді көре алмаймыз. 39 жастағы футболшының есімі тек Аргентина емес әлем футболының тарихында мәңгі қалатыны сөзсіз. Қаршадайынан-ақ ерекше қабілетімен көзге түскен дарынды ұлдың жасыл алаңда дауыл тұрғызған сәттері жанкүйерлер есінде. Аргентина құрамасының сапында ең көп ойын өткізіп, ең көп гол соққан жалғыз ойыншы да осы Месси. Яғни 207 ойында 125 голдың авторы атанған. Оған әріптестеріне берген әдемі пастарын қосыңыз. Күміс пен қоласынан бөлек олимпиада және әлем чемпионы атанды. Құрлықтың екі дүркін жеңімпазы. Біз ұлттық құрамадағы жетістіктерін ғана айтып отырмыз. Барселона мен ПСЖ және Интер Майами сапындағы жүлдесін тізбектесек таң атады. Марадона бутсиін шегеге ілген кезде аңырап қалған Аргентина жұрты Месси туғанда мәз болып еді. Енді Марадона мен Мессидің ізін басар Аргентинада тағы бір таланттың жарқ ете қалмасына кім кепіл?!
Таиланд астанасы Бангкок қаласында велотректен ересектер мен жасөспірімдер арасындағы Азия кубогы аяқталды.
Құрлық бәсекесінде Қазақстан құрамасы 5 алтын, 3 күміс, 3 қола медаль жеңіп алды. Аружан Қабдулова, Мансұр Бралин және Зейнолла Азаматұлы мен Илья Куварин Азия кубогына қол созды.
Алькарастың арыны күшті
Теннис жанкүйерлерінің назары Америкада. US Open осы маусымдағы үлкен дулыға жарыстарының соңғысы. Жарыстың бірінші күні-ақ сенцациялық нәтиже тіркелгенін білесіздер. Басты фавориттердің бірі – Новак Джокович алғашқы айналымда-ақ аттан ауып қалды. Енді жұрт Алькарастың алдына ешкім түсе алмайды деп отыр. Біраз уақыт үзілістен кейін үлкен кортқа қайта оралған Карлос жарақатынан құлан-таза айыққан көрінеді. Ресейлік Роман Сафиуллинді еш қиындықсыз сетте 6:4 6:4 6:4 есебімен жеңді. 41 жастағы Швейцариялық Стэн Варинкаға ұйымдастырушылар мүмкіндік берген болатын. Осыдан он жыл бұрын оза шапқан Вавринканың қайраты қайтыпты. Италия теннисшісі Маттео Береттиниге еш қарсылық көрсете алмады. Бұл Варвинканың соңғы жарысы болатын. Швейцариялық ардагер теннисшіге ұйымдастырушылар жұрт алдында құрмет көрсетіп, жанкүйерлер зор қошаметпен шығарып салды.
Жазғы трансфер жабылады
Бүгін-ертең Еуропадағы трансфер есігі жабылады. Осы уақыт аралығында біраз ауыс-түйістің болатыны анық. Кеше француз футболшысы Брэдли Барколя Ливерпуль жейдесін киді. Бұл жөнінде ағылшын клубы ресми парақшасында мәлімдеді. Трансфер құны 162 млн долларды құраған. Ливерпуль Барколямен 5 жылдық келісім шартқа отырыпты. Былтырғы мауымда да ағылшындық клуб жазғы трансфер уақытында қыруар қаржы жұмсаған еді. Алайда нәтиже болмаған соң, бас бапкер Арне Слотты қызметінен алып орнына испан маманы Анлдони Иралона тағайындаған болатын. Ливерпуль жаңа маусымда жеңіске бастар жолды таба алмай жүр. Енді фанаттар Брэдли Барколя қол ұшын беретін шығар деп, француз футболшысынан үлкен үміт күтіп отыр.
Тегтер #Месси #Аргентина #Азия кубогі #Новак ДжоковичPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz