Көшпенділер ойындары аясында көкпардан Қазақстан құрамасының қарсыластары анықталды.
Жеребе қорытындысы бойынша спортшыларымыз Б тобына түсіп, Ресей мен Венгрияға қарсы ойнайтын болды. Ал А тобында Ауғанстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Монғолия құрамалары өзара кездесіп, плей-офф жолдамаларын сарапқа салады. Алғашқы іріктеу жарыстары бүгін басталады. Ал финалдық кездесу 6 қыркүйекке жоспарланған. Әр ойында 4 төрешіден қызмет етеді. Сондай-ақ, алаңдағы 2 командаға қатысы жоқ тағы бір тәуелсіз төреші әр кездесуді сырттай бақылайды.
Сәкен Сейітханұлы, Қазақстан көкпар федерациясының ресми өкілі:
- Бұл жарыс 2 жылда бір өтетіндіктен қатысатын командалар өте жақсы іріктелген деп айтсақ болады. Бұған дейін біз көкпардан әлем чемпионатын өткізген едік. Сол кездегі негізгі құрамды осы жолы да көкпардан көреміз деген ойдамыз. Бұл долы көкпардың деңгейі одан да биіктей түседі деген ойдамын. Жалпы жеребе тарту рәсіміне барлық команданың басшылары, жетекшілері қатысты және әділ өтті деп есептейміз.
Ғани Дүйшенов, Қазақстан көкпар федерациясының атқарушы директоры:
- Төрешілерді айта кететін болсақ, әр ойында жеке нейтралды төрешілер төрешілік жасайды. Бұл бойынша біз тамыз айында Алматы қаласында халақыаралық көкпар қауымдастығының ұйымдастыруымен халықаралық төрешілердің әлеуеиін арттыру бойынша арнайы семинар өткізгенбіз. Оған Қырғызстаннан 2 төреші, Өзбекстаннан 2, Ауғанстаннан 2 төреші және қалғандары Қазақстаннан жасақталды. Ертең ойын басталады.
Шахматшыларымыз басты фавориттердің қатарында
Қазақстан шахмат олимпиадасында басты фавориттердің қатарында тұр. Ел атынан Алуа Нұрман мен Бибісара Асаубаева, Елназ Қалиахмет пен Зарина Нұрғалиева және Меруерт Қамалиденова әйелдер арасындағы командалық сайыста өнер көрсетеді. Ұлттық құрамадағы 4 спортшымыздың орташа рейтингі 2421 ұпайды құрайды. Сәйкесінше отандастарымыз Дүниежүзілік шахмат олимпиадасына 4-ші нөмірмен қатысқалы отыр. Бұл көрсеткіш бойынша Үндістан, Грузия, Қытай алда тұр. Жарыстың тағы бір фавориті саналатын АҚШ құрамасы бізден кейінгі 5-ші сатыға жайғасқан. Жарыс 15-27 қыркүйек аралығында Өзбекстанның Самарқанд қаласында өтеді. Еске сала кетейік, Қазақстан құрамасы 2024 жылы Будапештте өткен олимпиадада күміс жүлде еншілеген болатын.
Тегтер #көкпар #Дүниежүзілік көшпенділер ойындары #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz