RU
Толық нұсқаға өту

Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина US Open жарысын жеңіспен бастады

02.09.2026, 20:15 43

Қазақстандық теннисшілер Юлия Путинцева мен Елена Рыбакина US Open жарысын жеңіспен бастады. Рыбакинаның келесі айналымға шығарына көпшіліктің күмәні бола қойған жоқ.

Өйткені қарсыласы 17 жастағы Ти Фродиннің тәжірибесі шамалы еді. Жас теннисшіге жергілікті жанкүйерлердің қолдауы да көмек бере алмады. Елена екі сетта 6:3 6:2 есебімен жеңіске жетті. Ертең Рыбакина испан қызы Джессика Бузас Манейромен кездеседі. Ал Путинцева күтпеген жерден әлемдік рейтингіде 12 сатыда тұрған Белинда Бенчичті сан соқтырып кетті. Есеп 4:6 7:5 6:3. 

 Ал Қырғызстанда өтіп жатқан Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының екінші күні Қазақ елінің құрамасы аударыспақтан екі алтын медаль жеңіп алды.

60 келіге дейінгі салмақта Нұрталап Керім финалда қырғыз қарсыласынан басым түссе, 70 келіде Сайлау Мұхаммеджан да финалда жергілікті спортшыны ұтты. Ал таяқ тартуда Нұрсұлтан Есімбай қола жүлдегер атанды. 

Ауыс-түйіс аяқталды

Бүгін жазғы трансфер есігі жабылды. Еуропаның еңселі клубтары қыруар қаржы жұмсап құрамын тәжірибелі ойыншылармен және жас таланттармен толықтырды. Ли Лиганың жүлдесін кезек бөлісіп жүретін Испанияның қос мықтысы Реал мен Барселона биылда барынша белсенділік танытты. Дүйсенбі күні Каталониялықтар орталық шабулшы Габриэль Жезуспен екі жылдық келісім шартқа отырды. Трансфер құны 10 млн еуро. Бір жылдары Ман Сити мен Арсенал сапында жасындай жарқылдаған Жезус жарақатына байланысты көптен көзге түспей жүрген. Енді Барса сапында барымды саламын деп отыр.  Орталық шабулшының қаншалықты ойқастайтынын енді жасыл алаң көрсетеді. Ағылшындар да аянып қалған жоқ.

Әсіресе Ман Сити  мен Ливерпуль және Тотенхэм мен Астон Вилла секілді клубтар ақшаны аяған жоқ. Трансфер есігі жабылар тұста Манчестер Сити Челсиден Энцо Маресканы 146 млн еуроға сатып алды. Бұл – АПЛ-дегі рекорттық бағалардың бірі. Одан бөлек, қалалықтар Мароккалық Аюб Буадди үшін 86 млн және Эвертон шабулшысы Илиман Ндиай үшін 65 млн фунт стерлинг шығындады. Украиналық футболшы Михал Мудрикті де білмейтіндер кемде-кем. Допинг дауына байланысты екі жылға спорттан шеттетілген Мудрик жазасын өтеп болды. Енді осы маусымда Тоттенхем сапында тер төгеді. Челси Украиналық футболшыны бір жылға жалға берді. Маусым соңында Тотенхэмге 88 млн еуроға сатып алатын мүмкіндік бар.

«Аль-Хиляль» топ басында

Сауд Арабиясында қазір қос команда арасында текетірес өтіп жатыр. Яғни Роналдудың Аль-Насры мен Аль-Хиляль турнир кестесінде үзеңгі қағыстырып келеді. Төртінші турда Симоне Индзаги шәкіттері Аль Ахли Джидданы қабылдаған болатын. Дәл осы күні шабулшы Кәрім Бензема командадан кетіп, жергілікті жанкүйерлер  жабырқап  қалған. Алайда Астон Виллан ауысып келген Олли Уоткинс фанаттарды қайта желпіндіріп қойды. Бірден шабулға иек артқан алаң иелері үзіліске дейін қонақтар қақпасынан екі рет саңылау тапты. Алдымен Сиргей Миленкович Савич  мергендік танытса, артынша Крисенсио көзге түсті. Екінші таймда алаңға шыққан Уоткинс қонақтар қорғанысының берекесін қашырды. Матч аяқталар тұста ағылшын футболшысы қортынды нәтижені белгіледі. Есеп 3:0. Біріншілік басталғалы ұпайдан шашау шығармаған Ал-Хиляль турнир кестесінде топ бастады.Рыбакина мен Путинцева екінші айналымда

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz