Қазақстандық шабуылшы Дастан Сәтпаев Англияның екінші деңгейлі футбол чемпионаты – Чемпионшиптің төртінші турында өткен «Бернли» – «Мидлсбро» кездесуінің үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды 24KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап.
Матч 1:1 есебімен аяқталды. Сәтпаев «Бернли» сапында ойынды негізгі құрамда бастап, 80-минутта алаңнан алмастырылды. Қазақстандық футболшыны жанкүйерлер қошеметпен шығарып салды.
Кездесуден кейін Дастан Сәтпаевқа матчтың үздік ойыншысына берілетін арнайы жүлде табысталды.
18 жастағы футболшы үшін бұл «Бернли» сапындағы төртінші матч болды. Оның үшеуінде Сәтпаев негізгі құрамда алаңға шыққан. Әзірге қазақстандық шабуылшы нәтижелі әрекетімен көзге түскен жоқ.
Чемпионшиптің төрт турынан кейін «Бернли» турнир кестесінде 23-орында келеді.
Команда келесі кездесуін 5 қыркүйекте өз алаңында «Бристоль Ситиге» қарсы өткізеді.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #Дастан Сәтпаев #футбол #БернлиPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz