Қырғызстанның Шолпан-Ата қаласында өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасының қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты, деп хабарлайды «24KZ».
Самбодан +98 келі салмақта сынға түскен Болат Сапар барлық қарсыласынан басым түсіп, жарыстың жеңімпазы атанды.
Бұл – қазақстандық спортшының алғашқы ірі халықаралық жетістігі емес. 2024 жылы Болат Сапар Макаода өткен Азия және Океания чемпионатында 98 келіге дейінгі салмақта чемпион атанған. Финалда ол Өзбекстан өкілі Немәт Якубовты ахиллес сіңіріне жасалған ауырту әдісімен мерзімінен бұрын жеңген.
Ал бұл жолы спортшы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында +98 келі салмақта бақ сынап, үздік нәтиже көрсетті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Көшпенділер ойындары 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz