VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында Қазақстан құрамасы арқан тартыстан тағы бір алтын жүлдені қоржынға салды, деп хабарлайды 24KZ.
Бүгін арқан тартыстың 4×4 түрінен сынға түскен ұлттық құрама тартысты бәсекеде үздік шығып, жеңімпаз атанды.
Айта кетейік, бұл — құраманың осы ойындардағы екінші алтыны. Кеше дәл осы спортшылар арқан тартыстың 8×8 түрінен Қырғызстан құрамасымен кездесіп, алтын жүлде еншілеген болатын.
Тегтер #24KZ #24жаңалықтар #арқан тартыс #Көшпенділер ойындары 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz