Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирден шығып қалды. Жерлесіміз 3-ші айналым жолдамасын қытайлық спортшымен сарапқа салды. Алайда 2 жарым сағатқа созылған ойында қарсыласына есе жіберіп, жарысты аяқтады. Қорытынды есеп 2:1. Ал Елена Рыбакина үшінші айналымға өтті.
Елена Рыбакина АҚШ-тағы US Open турнирінің 3-ші айналымына жолдама алды. Әлемнің 2-ші ракеткасы екінші кезеңде испандық теннисшімен кездесіп, 2:0 есебімен жеңіске жетті. Алғашқы сетте 6:2 есебімен басым түссе, 2-ші сетте 6:4 есебі тіркелді. Ойын 1 сағат 8 минутқа созылды. Енді келесі айналым жолдамасын әлемдік рейтинте 58-ші орында тұрған украиналық спортшымен сарапқа салады. Егер Рыбакина жартылай финалға өтсе онда әлемдік рейтингте жеке дара көш бастайды. Турнир 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры 49 миллион доллар.
Азия ойындары: балуандардың тізімі шықты
Жапониядағы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын балуандардың есімі белгілі болды. Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен 18 балуан тізімге енген. Ұлттық құрама сапында Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев, әлем чемпиондары Ризабек Айтмұхан мен Нұрқожа Қайпанов және әлем біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері Жәмила Бақбергенова сияқты танымал спортшыларымыз бар. Жазғы азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Нагоя қаласында өтеді. Балуандарымыз алдыңғы сары құрлық додасында 4 медаль жеңіп алған болатын. Оның екеуі күміс, екеуі қола.
Көкпаршыларымыз алғашқы ойында жеңіске жетті
Көкпаршыларымыз көшпенділер ойындарындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді. Қазақстан құрамасы Б тобындағы бірінші ойынын Ресейге қарсы өткізіп, 14:1 есебімен тізе бүктірді. Кездесуде Ернат Мәлімбай мен Нұржігіт Пернебай 3 салымнан салып, көзге түсті. Артынша осы алаңда көкбөріден Қазақстан құрамасы Тәжікстанды ірі есеппен ұтты. Қорытынды есеп 16:3. Енді көкпаршыларымыз бен көкбөрі жігіттері екінші ойынын бүгін Венгрияға қарсы өткізеді.
Қазақстан құрамасы көшпенділер ойындары басталғалы бері 34 медаль жеңіп алды. Оның 16-сы алтын, 8-і күміс қалған 10-ы қола. Әзірге отандастарымыз 3 күннің қорытындысы бойынша жалпы командалық есепте 2-ші орында келе жатыр. Қырғыз спортшылары 19 алтынмен көш бастаса, Ресей 5 алтынмен үздік үштікті түйіндеп тұр.
Тегтер #Елена Рыбакина #Көшпенділер ойындары 2026
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz