Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің екінші айналымында испаниялық теннисші Джессика Бузас Манейроны (WTA 105) жеңіп, үздік 32 қатысушының қатарына енді, деп хабарлайды «24KZ».
Әлемнің екінші ракеткасы қарсыласынан екі сетте басым түсті – 6:2, 6:4. Бұл кездесу небәрі 1 сағат 8 минутқа созылды.
Турнирдің үшінші раундында қазақстандық теннисші украиналық Юлия Стародубцевамен (WTA 58) кездеседі. Ол өз кезегінде екінші айналымда грекиялық Марию Саккариді (WTA 22) ұтып сенсация жасаған болатын.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz