RU
Толық нұсқаға өту
gov.kz

Дүниежүзілік көшпенділер ойындары: Қазақстан аламан бәйгеде барлық жүлдені еншіледі

04.09.2026, 17:37 45

Қырғызстанда өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында қазақстандық шабандоздар аламан бәйгеде қарсылас шақ келтірмей топ жарды, деп хабарлайды «24KZ».

Қырғыз жерінде жалғасып жатқан дүбірлі доданың бүгінгі бәсекесінде ұлттық құрамамыз айрықша нәтиже көрсетті. 25 шақырымға созылған аса тартысты аламан бәйгеде қазақстандық үш тұлпар мәре сызығын қатар кесіп, барлық жүлделі орындарды қанжығаға байлады:

1-орын – «Айман» тұлпары, шабандозы – Нұрасыл Бекбатыр

2-орын – «Көксерек» тұлпары, шабандозы – Асылжан Төлеген

3-орын – «Қарағаш» тұлпары, шабандозы – Ерсұлтан Жарқын

25 шақырымды құрайтын аламан бәйге – ұлттық спорт түрлері арасындағы ең ауыр әрі шыдамдылықты талап ететін сынақтардың бірі. Осылайша, еліміздің шабандоздары мен тұлпарлары жаһандық жарыста айрықша өнер көрсетіп, ел мерейін үстем етті. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz