RU
Толық нұсқаға өту

Алматыда үстел теннисінің үздіктері жиналды

04.09.2026, 21:51 33

Алматыда үстел теннисінен өтіп жатқан халықаралық WTT Contender Алматы-2026 турнирі шешуші кезеңге аяқ басты. Жарысқа әлемнің 19 елінен келген 100-ден аса үстел теннисінің үздіктері қатысып жатыр.

Турнирдің жалпы жүлде қоры – 100 мың АҚШ долларын құрайды. Ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сында жеңімпаздар анықталады. Сондай-ақ жұптық санаттардағы кездесулер өтеді. Ертең аралас жұптық сында жартылай финал мен финал өтеді. Ал 6 қыркүйекте жеңімпаздар анықталады. «Бұл турнирдің нәтижесі спортшылардың әлемдік рейтингтегі орнына тікелей әсер етеді», - дейді ұйымдастырушылар.


Жанерке Көшкімбаева, үстел тенисінен Қазақстан ұлттық құрамасының ойыншысы:
- Әйелдер арасындағы жұптық сында біз қазақстандық қыздарды бірінші раундта ұтып, екінші раундта жапондық спортшыларға ұтылдық. Жапон елі – үстел теннисін жоғары деңгейде ойнайтын елдердің бірі. Олар техникалық және тактикалық жағынан бізден басым түседі. Бірақ біз үшін бұл үлкен тәжірибе болды.


Кристиан Карлсон, WTT Contender турнирінің қатысушысы:

- Бұл – маңызды турнир. WTT Contender сериясындағы жарыстардың маңызы біртіндеп артып, Олимпиада деңгейіндегі бәсекеге жақындап келеді. Сондықтан мұндай әрбір турнир спортшылар үшін өте маңызды. Қазақстанға осыдан үш жыл бұрын да келгенмін. Маған бұл ел қатты ұнайды. Жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылған.

 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz