RU
Толық нұсқаға өту
фото: olympic.kz

Айдана Құмартаева таеквондодан Оңтүстік Кореядағы Гран-приде қола медаль жеңіп алды

07.09.2026, 09:43 39

Қазақстандық таеквондошы Айдана Құмартаева Оңтүстік Кореяның Муджу қаласында өтіп жатқан әлемдік сериядағы Гран-при кезеңінде қола жүлдеге ие болды, деп хабарлайды 24KZ olympic.kz-ке сілтеме жасап

Қазақстан құрамасының өкілі 49 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жүлдегер атанды.

Айдана Құмартаева жарысты Германия спортшысы Супхрада Атеслиге қарсы жекпе-жектен бастап, жеңіске жетті. Кейін Коста-Рика өкілі Джейси Бассетттен басым түсті.

Ширек финалда қазақстандық спортшы Франция өкілі Мах Тенинбой Фофанамен кездесіп, қарсыласын 2:0 есебімен жеңді. Осы нәтижеден кейін Құмартаева кем дегенде қола медальді қамтамасыз етті.

Ал жартылай финалда ол әлемнің қазіргі чемпионы, Қытай Тайбэйінің өкілі Лю Ю-юнмен белдесті. Жекпе-жек 2:0 есебімен қарсыласының пайдасына аяқталды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz