Шаңғымен жазғы тұғырдан секіруден Қазақстан құрамасы Чехияда өткен FIS кубогінің кезеңінде жақсы нәтиже көрсетті.
Данил Васильев жарыстың бірінші күні 258,4 ұпай жинап бірінші орыннан көрінсе, екінші күні Илья Мизерных 267,4 ұпаймен жеңімпаз атанды. Ал Данил Васильев күміс медаль иеленді.
Шелтон ширек финалда
Осыдан біраз күн бұрын Амеркиалық Бен Шелтонның мақтауын асырған едік. Агассии пен Сампрастың ізін басар осы – Шелтон. Егер бағы жанса ЮС Оупенде біразға барады дегенді де айтқанбыз. 23 жастағы корт иесі қарсыластарын бет қаратпай ұтып келеді. Кеше грек Стефанос Циципастың тас-талқанын шығарды. Ең қызығы ертең болғалы тұр. Бен Шелтон ширек финалда осы жарыстың басты фавориті Карлос Алькараспен кездеседі. Екеуі түйдей құрдас. Алькарас осы жарыстың жеңімпазы десек, Шелтон биыл төрт бірдей турнирде топ жарды. Енді екі мықтының айқасында кімнің асығы алшысынан түсерін уақыт көрсетеді. Қыздар арасында да Америкалықтардың қарқыны күшті. Әсіресе 32 жастағы Джессика Пегуланы ешкім тоқтата алмай тұр. Төртінші айналымда румындар үкілеген Сорана Кырстяны 6:4, 6:4 есебімен екі естте жеңген Пегула ширек финалға жолдама алды. Енді өз отандасы Эмма Наварромен жартылай финалдық жолдамаға таласады.
«Аль-Насрды» аяқтан шалды
Сауд Арабия біріншілігінің бесінші турында Аль-Наср қарсыластарына есе жіберді. Роналду командасын аяқтан шалған Аль-Иттихад болатын. Осылайша, төрт тур бойы ұпайдан шашау шығармай келген ел чемпиондары сырт алаңда сүрінді. Есепті матчтың небәрі екінші минутында Джордж Иленихена ашқан болатын. Арада 20 минут өткенде Джордж есепті еселей түсті. Аль-Наср сапынан Анжело Габриэль ғана матчтың 32-ші минутында көзге түсті демесеңіз, өзгелерін Иттихад қорғаушылары тұсап тастады. Үзілістен кейін Постекоглу бапкер ойыншыларды алмастырып өзгеріс жасағысы келгенімен алаң иелерінің қорғанысы сыр берген жоқ. Аль-Наср шабулшыларының соққылары бағанаға тиіп кейде сәттілік те жетпей жатты. Қортынды есеп 2:1. Аль-Наср турнир кестесінің екінші сатысына сырғыды.
Каземиро көзге түсті
Азия мен Еуропада маусым енді басталса, мұхиттың арғы бетінде МЛС лигасы бел ортасына жетті. Месси өнер көрсететін Майами 24-ші турда Атлантаны қабылдады. Плей-оф кезеңіне жолдама алуды көздейтін қонақтарға үш ұпай ауадай қажет еді. Ал алаң иелерінің турнир кестесіндегі жағдайы тәуір. Интер Майами Шығыс Конференциясында екінші орында келеді. Есепті Каземиро ашқан болатын. Мессидің бұрыштан берген добына бұрын секірген Бразилиялық футболшы командасын алға шығарса, артынша Альмирон таразы басын теңестірді. Үзіліске дейін алаң иелері тағы да алға шықты. Бұл жолы ардагер шабулшы Луис Суарес көзге түсті. Екінші таймда тартысқа толы болды. Матчтың аяқталуына 4 минут қалғанда алаң иелері айып алаңында ойын тәртібін бұзып төреші белгілеген 11 метрден Эмболо мүлт кеткен жоқ, Қортынды есеп 2:2.
Тегтер #24KZ #теннис #футбол #шаңғыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz