Бүгін Еуропа чемпиондар лигасы жаңа маусымының шымылдығы түріледі. Сайдың тасындай іріктелген құрлықтың 36 клубы алдымен топтық турнирде бақ сынайды.
Тартысты ойындардың бірі Мадриттегі Сантяго Бернабеу стадионында Реал мен Интер арасында өтеді. Алғаш тізгін ұстаған жылдары Реалға чемпиондар кубогын әпере алмаған Жозе Моуриньо осы жолы Карольдік клубты шың басына шың басына шығара ала ма деген сауал тұр. Команданың әл-ауқаты жақсы. Футболшылардың осалы жоқ. Барлығы сен тұр, мен атайын жігіттер. Тек ауызбіршілік болса алынбайтын қамал жоқ дейді бас бапкер. Интер мен Реал осы күнге дейін өз ара 17 рет жолығыпты. Соның 9-ында Испан клубы басым түссе, Интер 7 ойында жеңіске жеткен. Қарсыластар бір ойында тең тарқасқан екен. Ла Лиганың соңғы турында Реал Бетиске есе жіберсе, Интер Наполиден ұтылып жатып жеңісті жұлып алған болатын. Реалы сапынан бүгінгі ойынға Арда Гюлер мен Бернарду Силва және Камавингалар қызыл қағаздарына байланысты қатыса алмайды. Ал Интер сапында жарақат алған Димарко мен Спенстар Мадритке келе алған жоқ.
Елена Рыбакина – АҚШ ашық чемпионатының ширек финалында! Қазақстан атынан сынға түсіп жүрген теннисші, жергілікті жанкүйерлердің үмітін арқалаған Наоми Осакканы екі сетте жеңді. Енді Рыбакина жартылай финал жолдамасы үшін әлемдік рейтингте 121-ші орында тұрған қытайлық Чжэн Циньвэнмен кездеседі.
Бәсекелестік арта түсті
Әлем футболының жұлдыздарын жинап ұлттық біріншіліктің бәсін арттыруды көздеген арабтардың жоспары жәймен жүзеге асып келеді. Қазір шаппай бәйге алатын ешкім жоқ. Турнир кестесіндегі тартыс маусым соңына дейін жалғасады. Қағаз жүзіндегі фавориттер ойламаған жерден омақасып жатыр. Бір күн ел чемпионы Аль Насрды аяқтан шалса, кеше Сауд Арабиясының бірнеше дүркін чемпионы Аль- Хильял өз алаңында сүрінді. Симоне Индзаги баптайтын жігіттер Неом футбол клубын қабылдаған болатын. Басты қарсыластары ұпай жоғалтқан соң қара үзіп кетуді көздеген алаң иелері қалайда үш ұпай алуды көздегені рас. Алайда Неомның тактикасы таңқалдырды. Бірден алаң иелерін қыспаққа алған қонақтар Аль Хиляль қорғаушыларын қателесуге мәжбүрледі. Қаттты сасқан Калиду Кулибали қарбалас сәттердің бірінде өз қақпасына гол соғып алды. Одан кейін Амаду Коне есепті еселеп алаң иелері тіпті есеңгіреді. Тек үзілістен кейін ғана Аль Хиляль ес жиып өз ойынын тапқандай болды. Алайда толассыз шабулдар еш нәтижесін берген жоқ. Қортынды есеп 0:2. Сырт алаңда маңызды үш ұпайды қоржынға салған Неом футбол клубы турнир кестесінің төртінші сатысына көтерілді.
Рыбакина ширек финалда
Теннистен ЮС Оупен Америка ашық біріншілігінің ширек финалына шыққан 8 мықты анықталды. Солардың арасында Қазақстан атынан шығып жүрген Елена Рыбакинада бар. Кеше Рыбакина корт иесі Наоми Осакамен кездесті. Екі теннисшінің жолы тамыз айында ғана Торонтода түйіскен болатын. Сол кезде үш сетқа созылған тартысты ойында Рыбакина басым түскен. Бұл жолы да ойын текетіреспен өтеді деп топшылаған едік. Тіпті жергілікті жанкүйерлер алдында Наоми есе қайтаруы мүмкін деген болжамдар болды. Бірақ Елена Рыбакина небәрі екі сетта қарсыласын 6:1 6:4 есебімен еш қиындықсыз ұтып ширек финалдық жолдаманы қоржынға салды. Енді қытай қызы Чжэн Циньвэнмен жартылай финалдық жоллдамаға таласады. Чжэн әлемдік рейтингіде 121-ші сатыда тұрғанымен дәл осы жарыстағы қарқыны сұрапыл. Корт иесі Мэдисон Кизбен болған ойында жеңіске деген жігер мінезімен дараланған қытай теннисшісі кеше тағы камбэк жасады. Поляк Ига Швентектен бірінші сетте 0:5 есебімен ұтылып жатып, сетті өз пайдасына шешті. Осыдан кейін-ақ Швентектің жүйкесі сыр беріп қарсыласына есе жіберді. Қортынды есеп 7:5 6:3.
Тегтер #спорт #чемпиондар лигасы #Елена РыбакинаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz