7-10 қазан аралығында Алматыда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир - Денис Тен Мемориалы өтеді, деп хабарлайды «24KZ» olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Аталған турнирге 25 елден 150-ге жуық мәнерлеп сырғанаушы қатысады.
Жарыс аясында жасөспірімдер, ерлер мен әйелдер арасындағы жекелей сырғанауда, сондай-ақ, мұздағы биде жүлделер сарапқа салынады. Байрақты бәсеке Halyk Arena мұз айдынында өтеді.
Айта кетейік, бұл турнир Қазақстанның мәнерлеп сырғанау тарихында өшпес із қалдырған 2014-Олимпиада ойындарының жүлдегері Денис Теннің құрметіне ұйымдастырылады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #Денис Тен #турнир #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz