Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Бибісара Асаубаева Үндістанда өтіп жатқан Global Chess League-2026 турнирінің алғашқы турын сәтсіз аяқтады, деп хабарлайды «24KZ».
1 миллион доллар жүлде қоры үшін өтіп жатқан беделді командтық додада Бибісара экс-футболист Жерар Пике иелік ететін «FYERS American Gambits» клубы сапында өнер көрсетуде. Әйелдер арасындағы супержұлдызды тақтада сынға түскен үш дүркін әлем чемпионы әзірге 4 рет тең түсіп, 2 мәрте жеңіліс тапты.
Бибісара жарысты ФИДЕ туы астындағы Екатерина Лагномен және китаянка Чжу Цзиньэрмен тең нәтижемен бастады. Үшінші турда ФИДЕ өкілі Полина Шуваловаға есе жіберсе, кейін үндістандық Дивья Дешмукх және Харика Дронаваллимен тең ойнады. Ал кешкі қайталама кездесуде ол тағы да Екатерина Лагноға жол берді.
Жекелей сындағы қиындықтарға қарамастан, Жерар Пике командасы турнир кестесінің жоғарғы сатыларында келеді. Ойын барысында өзбекстандық гроссмейстер Жавохир Синдаров пен үндістандық Арджун Эригайсидің ерлер тақтасындағы сәтті ойыны француз франшизасын ұстап тұр.
Үндістандағы турнир 13 қыркүйекке дейін жалғасады. Отандасымыздың алдағы турларда сәтсіз серияны бұзып, командасына суперфиналға шығуға көмектесуге әлі мүмкіндігі бар.
Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz