RU
Толық нұсқаға өту
Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақстан құрамасының формасы интернетте сатылып жатыр: министрлік түсініктеме берді

10.09.2026, 10:15 38

Қазақстан ұлттық құрамасының формасы интернетте сатылып жатқаны туралы ақпарат тарады. Алайда ҚР Туризм және спорт министрлігі мұндай тауарлардың ресми экипировкаға қатысы жоқ екенін мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Ведомствоның хабарлауынша, өткен жылы ұлттық құрама спортшылары алғаш рет Under Armour брендінің бірыңғай жазғы және қысқы формасымен қамтамасыз етілген. Мемлекеттік рәміздер бейнеленген бұл киімдер спортшыларға жеке беріледі. Сондықтан олар дүкен сөрелеріне шығарылмайды.

«Қазір түрлі интернет-платформаларда ұлттық құраманың ресми экипировкасына сырттай ұқсайтын және соның атынан сатылып жатқан өнімдер пайда болды. Назарларыңызға саламыз: мұндай өнімдердің Қазақстан ұлттық құрамасының ресми формасына қатысы жоқ», – деді ҚР Туризм және спорт министрлігінің баспасөз хатшысы Балым Адамиденова.

Министрлік Under Armour-дың түпнұсқа спорттық киімдерін ресми дүкендерден сатып алуға болатынын атап өтті. Бірақ Қазақстанның мемлекеттік рәміздері мен ұлттық құрамаға тиесілі белгілері бар экипировка бөлшек саудада сатылмайды.

Ал бренд өкілдері заңсыз таңбаланған және контрафактілік өнімдердің сатылуына қатысты құқықтық шаралар қабылдап жатыр.

Осыған байланысты министрлік азаматтарды интернетте Қазақстан ұлттық құрамасының ресми формасы ретінде ұсынылатын тауарларды сатып алмас бұрын олардың түпнұсқалығына көз жеткізуге шақырды.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz