RU
Толық нұсқаға өту

Елена Рыбакина финалға шықты

11.09.2026, 12:00 48

Жібек Құламбаева Түркиядағы турнирдің жартылай финалына шықты. Қазақстандық теннисші жұптық сында Үндістан өкілімен бірлесіп, испаниялық дуэтке қарсы ойнады. Сәйкесінше 2:0 есебімен жеңіп, финалға бір табан жақындады. 

Кезекті сенсация. Елена Рыбакина алғаш рет АҚШ-тағы US Open турнирінің финалдық кезеңіне жолдама алды. Әлемнің бірінші ракеткасы жартылай финалда америкалық Кори Гауффпен кездесіп, тартысты ойында жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 2:1. Алғашқы сет 3:6 есебімен қарсыласының пайдасына аяқталса, қалған қос сетте 6:4 есебімен Елена жеңісті жұлып алды. Енді ақтық кезеңде Беларусь спортшысы Арина Соболенкомен кездеседі. Финалық ойын 13 қыркүйекке жоспарланған.   

Диас Досқараев, Қазақстан Теннис Федерациясының Вице-президенті:

- Қазақстандықтарды, теннис қауымын осындай үлкен тарихи күнмен құттықтаймын. Бұл үлкен жетістік. Бәріміз күттік, сендік деп айтуға болады. Елена 401-ші ракетка болған. Қазақстанға көшкенде 207-ші рейтинггте болды. Сондықтан бұл жерде үлкен жол деп айтуға болады.

7 теннисші Азия ойындарына барады

Жазғы Азия ойындарына қатысатын теннисшілер құрамы жарияланды. Жапониядағы байрақты бәсекеде 7 спортшымыз ел намысын қорғайды. Ерлерден Александр Шевченко мен Тимофей Скатов, Бейбіт Жұқаев пен Денис Евсеев өнер көрсетсе, әйелдерден Юлия Путинцева мен Анна Данилина және Соня Жиенбаева бақ сынайды. Олар жекелей, жұптық және аралас жұптық бәсекелерде жүлдеге таласады.

Диас Досқараев, Қазақстан Теннис Федерациясының Вице-президенті:

- Азия ойындарына мықты команданы дайындап отырмыз. Бірінші тізімде Елена да болды, Бублик те болды. Қазір көріп отырмыз, командалық Әлем чемпионаты болып жатыр. Тарихымызда Азия ойындарында алтын алғанбыз. 2014 жылы Инчхонда алтын алдық. Кейін Индонезияда күміс пен қола алдық. Сондықтан медаль алмағанымызға көп уақыт болды. Командамызды жақсылап тұрып дайындаймыз. 

Пара спортшылар садақ атудан 2 медаль еншіледі

Қазақстандық пара спортшылар Үндістанда садақ атудан әлемдік серияда 2 медаль жеңіп алды. Оның біреуі – алтын, екіншісі – күміс. Алдымен командалық 50 метрлік дисциплинада Айзада Сейдан мен Жанат Айтымова 141 ұпай жинап, жарыс жеңімпазы атанды. Артынша жекелей сайыста дәл осы қашықтықта Айзада Сейдан 144 ұпай еншілеп, күміспен күптелді.

Жанат Айтымова, Пара садақ атудан ұлттық құрама мүшесі

- Қазақ еліне үлкен қолдау көрсеткені үшін үлкен алғысымды айтамын. Қарсыластар оңай болған жоқ. Ұлыбритания мен Үндістан әлемдік рейтингте көш бастап тұр. Дегенмен біз өз күшімізге сендік. Командалық рухтың арқасында жеңіске жеттік.  

Үстел теннисінен WTT Star Contender турнирі өтеді

Астанада алғаш рет WTT Star Contender турнирі өтеді. Әлемдік үстел теннисінің жұлдыздары Қазақстан Президентінің кубогі үшін сынға түседі. Ашық жарысқа 29 елден 160-тан астам спортшы қатысады. Жарыс бес формат бойынша ұйымдастырылады. Яғни ерлер мен әйелдер жекелей, жұптық және аралас жұптық сайыстарда өнер көрсетеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 300 мың доллар. Жарыс 15-20 қыркүйек аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz