RU
Толық нұсқаға өту

Садақ атудан чемпион атанған Аяш Қабдоллаева Президенттен «Құрмет» орденін алды

11.09.2026, 15:27 55

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының чемпионы Аяш Қабдоллаева «Құрмет» орденімен марапатталды,  деп хабарлайды «24KZ».

Аяш Қабдоллаева Қырғызстанда өткен VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында дәстүрлі садақ атудың «Пута» нысанасы бойынша (60 метр қашықтық) алтын медаль иеленіп, чемпион атанды.  

Мемлекет басшысының қолынан марапат алу - үлкен мәртебе. Бұл жеңістің артында үлкен еңбек жатыр. Садақшының ең үлкен жауы – өзі. Егер өзіңнің қобалжуыңды жеңіп, өзіңді тыныштандыра алсаң, жеңіске жетесің, -дейді Аяш Қабдоллева. 

Бүгін Ақордада Мемлекет басшысы VІ Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

Жастар сіздерге қарап бой түзейді. Бұл – үлкен мәртебе және зор жауапкершілік. Жеңімпаз, чемпион болу – бір басқа, жеңімпазға, чемпионға лайық үлгі көрсету – бір бөлек. Жас ұрпақты табанды, қайсар, шыдамды болумен қатар, оларды әдепті, мәдениетті, тиянақты болуға үйрету өте маңызды. Сонда жастарымыздың тәні де, жаны да сау, санасы сергек болады, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz