Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында ел намысын 152 спортшы қорғап, ұлттық құрама сапында 49 жаттықтырушы атсалысты. Жалпы додада 113 елден үш мыңға жуық спортшы бақ сынады.
Қазақстан құрамасы ойындар бағдарламасындағы барлық 43 спорт түрі бойынша өнер көрсетіп, жалпыкомандалық есепте 74 медаль жеңіп алды. Оның 32-сі алтын, 20-сы күміс, 22-сі қола жүлде. Отандық спортшылар аударыспақ пен қазақ күресі, тоғызқұмалақ, садақ ату, ат жарысы секілді бірнеше ұлттық спорт түрінен үздік атанып, жалпыкомандалық есепте топ жарды.
Тегтер #24KZ #Көшпенділер ойындары 2026 #спорт #Қазақстан құрамасы #ұлттық спорт #алтын медаль #қола жүлде #күміс медальPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz