VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында ұлттық спорттың айрықша түрі – сүйек сындыру сайысында Моңғолия құрамасы жоғары нәтиже көрсетті.
Моңғол мен бурят халқы бұл дәстүрлі сайысты «Ясны хугалах» деп атайды. Бәсекеде спортшылар ірі қараның омыртқа сүйегін бір қолмен сындыруға тырысады. Мұнда күшпен қатар соққының дәлдігі маңызды. Қазақстан құрамасы омыртқа сындыру жарысына алғаш рет қатысса да үздік үштіктен көрініп, қола медальға ие болды. Осыған байланысты ұлттық ойындардың бірі саналатын «Жілік шағуды» да көшпенділер ойындарының бағдарламасына енгізу көзделіп отыр. Бұл туралы жілік шағудан ұлттық құраманың жаттықтырушысы Хамза Шубаев айтты.
Хамза Шубаев, жілік шағудан ұлттық құраманың жаттықтырушысы:
- Спорт министрлігіне көп рақмет! Бізге қолынан келгенше үлкен жәрдемдесті. Біз өзіміздің ұлттық ойынымызды көрсетейік деп, малдың жіліктерін алып бардық. Сол жерде көрсетіп, таныстырдық. Бүкіл жиналған ел таңғалып: «Сендер мұны жалаң қолмен сындырып жүрсіңдер ме? Оны қалай істейсіңдер?» — деп сұрап жатты. Еуропадан келген журналистер де болды, олар да қатты таңғалды. Сонда біз оларға: «Бізде осындай ұлттық ойын бар», — деп түсіндірдік.
Тегтер #жілік шағу #Көшпенділер ойындары 2026 #бағдарламаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz