Қазақстанның әйелдер арасындағы жекелей сындағы бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 2026 жылғы АҚШ ашық чемпионатының жеңімпазы атанды, деп хабарлайды «24KZ» ҚТФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
US Open турнирінің финалдық кездесуінде қазақстандық теннисші Беларусь өкілі Арина Соболенкомен кездесті.
Кездесу Рыбакинаның жеңісімен аяқталды — 6:4, 5:7, 6:2.
Теннисшілер кортта 2 сағат 23 минут өткізді. Осы уақыт ішінде Елена 12 эйс жасап, бес қос қателікке жол берді және 12 брейк-пойнттың үшеуін сәтті пайдаланды.
Осылайша, Рыбакина мансабында алғаш рет US Open чемпионы атанды.
Нью-Йорктегі бұл титул Елена үшін жекелей сында «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі үшінші чемпиондық атақ болды. Қазақстандық теннисші осы санаттағы алғашқы жүлдесін 2022 жылы Wimbledon-да жеңіп алды. 2026 жылдың басында Рыбакина Australian Open чемпионы атанса, енді өз жүлделер топтамасын АҚШ ашық чемпионатының титулымен толықтырды.
Қазақстан теннис федерациясының президенті Болат Өтемұратов Елена Рыбакинаны тарихи жетістігімен құттықтады.
«Бұл – Еленаның орасан зор жеңісі әрі Қазақстан теннисі үшін тарихи күн. Еленаға тағы да бар күш-жігерін салып, әлемдегі ең ірі теннис ареналарының бірінде ең жоғары деңгейдегі ойын көрсеткені үшін алғыс айтамын. Елена еліміздегі теннистің табысты дамуын жарқын түрде көрсетіп келеді. Оның әлемдік теннистің ең биік шыңына көтерілуі қазақстандық жас теннисшілер үшін үлкен шабыт көзі болатыны сөзсіз. Біз өз тарапымыздан оларды алдағы уақытта да жан-жақты қолдауды жалғастырамыз», - деді Болат Өтемұратов.
US Open турниріндегі жеңіс Рыбакинаның 2026 жылғы маусымдағы тағы бір тарихи жетістігі болды. Турнир қорытындысы бойынша қазақстандық теннисші мансабында алғаш рет WTA әлемдік рейтингінің көшін бастайды.
Тегтер #24KZ #Елена Рыбакина #US Open #чемпион #бірінші ракетка #АҚШ #Арина Соболенко #финалPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz