Қазақстандық 16 жастағы гимнаст Ақмарал Ерекешева Чехияның Брно қаласында өткен Гран-при кезеңінде бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды «24KZ» olympic.kz-ке сілтеме жасап.
Отандасымыз жекелей көпсайыста екінші орын алған еді. Сондай-ақ жекелей жаттығулар бойынша төрт финалға шықты.
Нәтижесінде Ақмарал шығыршықпен орындалатын жаттығуда 29.150 ұпай жинап, алтын медаль жеңіп алды.
Ал доппен орындалатын жаттығуда 28.000 ұпай, ұршықтар бәсекесінде 29.050 ұпай және таспамен орындалатын жаттығуда 27.600 ұпай еншілеп, үш күміс медальға ие болды. Осылайша, Ақмарал Ерекешева бір алтын және төрт күміс медальмен жарысты аяқтады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қазақстан #гимнаст #спорт #алтын медаль #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz