RU
Толық нұсқаға өту

Жапониядағы жазғы Азия ойындарына 5 күн қалды

14.09.2026, 10:50 63

«Астана» клубының велошабандозы Маттео Малучелли Қытайда өтіп жатқан «Тайху көлі турының» екінші кезеңінде жеңіске жетті. Спортшылар ұзындығы 153,2 шақырымды құраған сайыста Чансидің жолдарын артта қалдырып, жарыс жаппай спринтпен аяқталды. Команданың үйлесімді жұмысының арқасында Малучелли мәреге бірінші болып жетсе, қазақстандық клубтың тағы бір мүшесі Глеб Сырица үздік үштіктен көрінді.

Жапониядағы Жазғы Азия ойындарына 5 күн қалды. Байрақты додада 43 спорт түрінен 469 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Оған Азияның 45 елінен 10 мыңнан аса атлет қатысады деп күтілуде. Ал Қазақстан құрамасы спорттың 35 түрінен сынға түсіп, ел намысын 571 отандасымыз қорғайды деп жоспарланып отыр. Жарыстың ашылуында саңлақтарымызды Олимпиада чемпионы Елдос Сметов бастап, Көк Туымызды ұстап шығады.

Елдос Сметов, Олимпиада чемпионы:    

- Бүгін мен үшін тарихи күн болып тұр. Бір жағынан жауапкершілігі өте жоғары. 20-шы Азия ойындарында еліміздің Көк Туын ұстап шығу мәртебесі маған бұйырып тұр. Мұндай сәт спорттық жолымда бірінші болып жатыр. Өйткені бұған дейін 3 Олимпиада ойындарына қатыстым. Мынау менің 3-ші Азия ойындарым.

Елена Рыбакина Әлемнің бірінші ракеткасы атанды

Елена Рыбакина ресми түрде Әлемнің бірінші ракеткасы атанды. Оның еншісінде дәл қазір 9901 ұпай бар. Ал 99 апта бойы көшбасшылықты ешкімге бермеген Арина Соболенко 7875 ұпаймен екінші орынға сырғыды. Жерлесіміз Беларусь теннисшісінен 2026 ұпайға озып тұр. Бұл Рыбакинаға алдағы турнирлерде әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін сақтап қалуға тамаша мүмкіндік. Еленаның US Openдегі жүлдесі мансабындағы 3-ші «Үлкен Дулығасы». Бұған дейін 2022 жылы Уимблдонда топ жарса, 2026 жылы Australian Open турнирін жеңіп алды.

ҚПЛ: 26-тур ойындары аяқталды 

Футболдан ішкі біріншілікте чемпиондыққа талас қыза түсті. Алдымен «Қайрат» клубы өз алаңында қостанайлық «Тобылға» 4:1 есебімен ойсырай ұтылды. Ойында Милованович дубль авторы атанса, Лисакович пен Луис Герра бір-бір голдан соғып, көзге түсті. Ал алматылықтар тек 1 голмен жауап қатты. Чемпиондықтан үмітті «Ордабасы» «Астанадан» басым түсті. Қорытынды есеп – 1:0. Жалғыз голдың авторы – Жасұлан Әмір. Артынша қызылордалық «Қайсар» дәл сондай есеппен Атырауды ұтты. Ал павлодарлық «Ертіс» «Оқжетпесті» қапы қалдырса, семейлік «Елімай» «Жетісуды» тізе бүктірді. Ақтаулық «Каспий» өз алаңында Ақтөбеге ұтылды. Үш ойында да 2:1 есебі тіркелді. Сондай-ақ Өскеменнің «Алтайы» сырт алаңда жезқазғандық «Ұлытауды» 3:0 есебімен сүріндірді. Дәл қазір 26-шы турдың қорытындысы бойынша турнирлік кестеде «Ордабасы» 58 ұпаймен көш бастап тұр. «Қайрат» 57 ұпаймен екінші орынға сырғыса, «Астана» 45 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz