RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Қазақстандық балуандар Армениядағы турнирде сегіз медаль жеңіп алды

14.09.2026, 10:55 56

Арменияның Ереван қаласында еркін күрестен ересектер арасында халықаралық турнир аяқталды, деп хабарлайды «24KZ».

Отандастарымыз аталған бәсекеде сегіз медаль жеңіп алды.

Бірінші жарыс күнінде Асхаб Хаджиев 86 келіге дейінгі салмақтың финалында 2025 жылғы әлем чемпионы Захид Валенсиямен (АҚШ) кездесіп, 12:11 есебімен басым түсті. Дәл осы салмақта Рүстем Мырзағалиев үшінші орынды иеленді.

65 келіге дейінгі салмақта Өсімжан Дастанбек күміс, Әділ Оспанов қола медаль жеңіп алды. 74 келіге дейінгі салмақта Дархан Есенғали үздік үштікті түйіндеді.

Екінші жарыс күнінде Мейрамбек Қартбай (61 келіге дейін) күміс медальға ие болды. Ал Ернұр Нұрғазы (70 келіге дейін) мен Диас Сағдатов (79 келіге дейін) қола медаль алды. 

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz