RU
Толық нұсқаға өту

УЕФА Суперкубогы 2028 жылы Астанада өтеді

15.09.2026, 14:46 50

УЕФА Атқарушы комитеті Қазақстан астанасы Астана қаласын 2028 жылғы УЕФА Суперкубогы үшін матч өтетін орын ретінде бекітті, деп хабарлайды «24KZ».

УЕФА Чемпиондар лигасы мен УЕФА Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін беделді матч «Астана Арена» стадионында өтеді.

Астананы таңдауға Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды. Қазақстанда мұндай деңгейдегі матчтың өтуі – отандық спорт үшін тарихи оқиға.

«Астана Арена» стадионын қайта жаңғырту және инфрақұрылымын жоспарлы түрде жаңарту нысанның УЕФА-ның ірі еуропалық финалдарды өткізуге қойылатын қатаң регламенттік талаптарына толық сәйкестігін қамтамасыз етеді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz