Дарын Қонысбаев триатлоннан Азия кубогінде топ жарды. Жерлесіміз Қырғызстанда өткен сары құрлық бәсекесінде қарсыластарын шаң қаптырып, мәре сызығын бірінші болып кесті. Уақыт көрсеткіші тура 1 сағат 49 секунд.
Ал екінші, үшінші орындар ресейлік спортшыларға бұйырды.
Елордада 2028 жылы УЕФА суперкубогі сарапқа салынады. Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының жеңімпаздары кездесетін беделді матч «Астана Арена» стадионында өтеді. Елімізде мұндай деңгейдегі ойынның ұйымдастырылуы – отандық спорт үшін тарихи оқиға. УЕФА-ның Астананы таңдауына Қазақстан футбол федерациясының спорттық инфрақұрылымды дамыту және Еуропа футбол қауымдастықтары одағымен ынтымақтастықты нығайту бағытындағы кешенді жұмысы негіз болды.
Астанада WTT Star Contender турнирі басталды
Астанада үстел теннисінен WTT Star Contender турнирі басталды. Оған әлемнің 29 елінен 160-қа жуық спортшы қатысып жатыр. Олар жарыс ресми түрде ашылғаннан кейін алаңға шығып, екінші айналым жолдамаларын сарапқа салды. Ел намысын ұлттық құрамадағы 2-ші және 3-ші нөмірлі теннисшілер қорғайды. Негізгі ойыншылар Жапониядағы жазғы азия ойындарына кетіп қалды. Сайыстың жалпы жүлде қоры – 300 мың доллар. Президент кубогы елордада екінші рет ұйымдастырылып отыр. Халықаралық жарыс Қазақстанда осы спорт түрін одан әрі дамытуға, спортшыларымыздың шеберлігін шыңдауға және үстел теннисін жастар арасында кеңінен насихаттауға мүмкіндік береді.
Шахзода Ахмадалиева, үстел теннисінен ұлттық құрама мүшесі:
- Жарыс өте керемет өтіп жатыр. Жарысқа үлкен дайындықпен келдік. Іріктеуден өтіп, келесі кезеңдерге өтуге әрекет жасап жатырмыз. Мен қазір өз жерлесімізбен ойнаймын. Оны ұтсам, келесі айналымда қытайлықтармен ойнаймын.
Авторы: Мерей Қанапия
Тегтер #24KZ #Астана #УЕФА #суперкубок #Азия кубогі #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz