Әділ Ғалиахмет пен Алина Әжіғалиева шорт-тректен ел біріншілігінде топ жарды. Екеуі де мың метрлік бәсекеде қарсылас шақ келтірмей, мәре сызығын бірінші болып кесті. Ал 2 мың метрлік аралас командалық эстафетада Қостанай облысы жеңімпаз атанса, Алматы қаласы екінші, Астана үшінші орыннан көрінді.
Қазақстан құрамасы шахмат Олимпиадасындағы алғашқы ойындарын жеңіспен бастады. Алдымен ерлер командасы Гаитимен кездесіп, 4:0 есебімен ұтты. Ел атынан Сауат Нұрғалиев, Даниял Сәпенов, Алдияр Аңсат, Жандос Ағманов өнер көрсетіп, жарысты сәтті бастады. Артынша қыздарымыз да Ботсвана құрамасын дәл сондай есеппен жеңді. Онда Алуа Нұрман мен Меруерт Қамалиденова және Елназ Қалиахмет пен Зарина Нұрғалиева ойнайды. Ал Бибісара Асаубаева бірінші ойыннан тыс қалды. Ол келесі кездесулерде командаға қайта оралуы мүмкін. Осылайша Қазақстанның екі құрамасы да алғашқы 2 ұпайын еншіледі.
Айта кетейік, Самарқандта өтіп жатқан 46 шы дүниежүзілік шахмат олимпиадасы 11 турдан тұрады. Жарыс 27 қыркүйекке дейін жалғасады.
Дэвис кубогы: Қазақстан - Таиланд
Ертең теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис кубогының екінші әлемдік тобының плей-офф кезеңі аясында Тайландпен кездеседі. Ел атынан Александр Шевченко мен Денис Евсеев, Тимофей Скатов пен Бейбіт Жұқаев және Әмір Омарханов сынға түседі. Ойын жеңімпазы Дэвис кубогының бірінші әлемдік тобында өнер көрсету құқығына ие болады. Таиландқа қарсы матч 18-19 қыркүйек аралығында Билайн аренада өтеді.
Диас Досқараев, Қазақстан Теннис федерациясының вице-президенті:
- Командамыз дайын. Қарсыластарымыз оңай емес. Бұл жерде рейтингке байланысты емес. Қарсыластар біздің ойыншыларды таниды. Бірнеше рет кездескен. Самредж бар бірінші ракеткасы. Рейтингі қазір 400 бірнәрсе болып тұр. Бірақ өте қауіпті ойыншы. Шабуылы да, соққысы да жақсы.
«Барыс» сырт алаңда жеңіске жетті
Елордалық «Барыс» құрлықтық Хоккей лигасы аясында ресейлік «Ладаға» қонаққа барып, ірі есеппен жеңіске жетті. Қорытынды есеп – 6:0. Ойында Бэйли дубль авторы атанса, Масси пен Симонов, Маккошен мен Томпсон бір-бір шайба соғып, көзге түсті. Енді қазақстандық команда алдағы 3 ойынын да Ресейде өткізеді.
18 қыркүйекте Металлургпен кездессе, 20 қыркүйек Локомативпен және 22 қыркүйек Динамоға қарсы ойнайды. Әзірге «Барыс» бас-аяғы 4 ойын өткізіп, соның үшеуінде жеңіске жетті.
Авторы: Мерей Қанапия
Тегтер #шахмат #эстафета #Олимпиада #Дэвис кубогы #теннис #спорт #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz