RU
Толық нұсқаға өту
фото: sports.kz

Жәнібек Әлімханұлының Хамза Ширазбен жекпе-жектегі гонорары белгілі болды

17.09.2026, 10:28 61

Жәнібек Әлімханұлы мен Хамза Шираз арасындағы міндетті титулдық жекпе-жекті өткізетін промоутерлік компания анықталды, деп хабарлайды 24KZ.

16 қыркүйекте титулдық кездесуді ұйымдастыру құқығына арналған промоутерлік сауда өтті. Фрэнк Уорреннің Queensberry Promotions компаниясы 1 001 809 доллар ұсынып, аукционда жеңіске жетті.

Бұған дейін екі боксшының командалары 10 қыркүйекке дейін жекпе-жек шарттарын өзара келісе алмаған.

Британдық компания жекпе-жекті өткізу құқығы үшін 1 001 809 доллар ұсынды. Ал Жәнібек Әлімханұлын таныстыратын америкалық Top Rank 820 мың доллар ұсынған. Саудаға қатысудың ең төменгі сомасы 300 мың доллар болды.

WBO ережесіне сәйкес, бұл қаржының 75%-ы қазіргі чемпион Хамза Ширазға, 25%-ы қазақстандық боксшыға тиесілі. Осылайша Шираз шамамен 751 мың 356 доллар, ал Әлімханұлы 250 мың 452 доллар алады.

Queensberry Promotions енді жекпе-жектің өтетін күні, орны және трансляция жасайтын телеарнаны анықтайды. Алдын ала жоспар бойынша кездесу 28 қарашада немесе 5 желтоқсанда өтуі мүмкін. Лондон, Бирмингем және Нью-Йорк қалалары қарастырылып жатыр.

Айта кетейік, Хамза Шираз бұған дейін бұл жекпе-жекке қатысты күмәнін білдірген. Оның айтуынша, қауіпті нокаутер саналатын Жәнібек Әлімханұлымен кездесуге саудада ұсынылған гонорар аз болуы мүмкін.

Егер британдық боксшы ұсынылған қаржыға келіспесе, чемпиондық белбеуінен бас тартуы ықтимал. Сондықтан жекпе-жектің нақты күні мен өтетін орны әзірге ресми түрде жарияланған жоқ.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz