RU
Толық нұсқаға өту
Фото: olympic.kz

Қазақстан әйелдер құрамасы волейболдан Азия ойындарын жеңіспен бастады

17.09.2026, 12:23 50

Аичи-Нагоядағы (Жапония) ХХ Азия ойындарында волейболдан әйелдер арасында бәсекелер басталды, деп хабарлайды «24KZ».
Қазақстан әйелдер құрамасы В тобында өнер көрсетуде.

Алғашқы ойында отандастарымыз Филиппин құрамасымен кездесті. Матчтың қорытындысы бойынша қазақстандық волейболшылар 3:1 (27:29, 26:24, 25:23, 25:19) есебімен жеңіске жетті. Осылайша ұлттық құрама бірден ширек финалға шықты.

Ұлттық құрама сапында Айгүл Мүлкібаева, Жанна Сыроешкина, Ирина Кузнецова, Кристина Белова, Маргарита Бельченко, Мадина Бекет, Наталья Хазова, Перизат Нұрбергенова, Полина Уфимцева, Татьяна Никитина, Татьяна Яцкив, Юлия Фоменко ел намысын қорғауда.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы 18 қыркүйекте Қытай командасымен кездеседі. Қытайлықтар бұған дейін Филиппин құрамасын 3:0 есебімен жеңген еді.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz