RU
Толық нұсқаға өту
фото: ҰОК

Қазақстандық екі спортшы бессайыстан Азия ойындарының финалына өтті

18.09.2026, 15:06 41

Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан ХХ Азия ойындарында қазіргі бессайыстан екі қазақстандық спортшы финалға жолдама алды, деп хабарлайды 24KZ.

Ерлер арасындағы А жартылай финалында Тихон Варехин 1520 ұпай жинап, төртінші орынға ие болды. Ал Темірлан Абдраимов 1507 ұпаймен алтыншы орынға тұрақтап, ақтық сынға өтті.

Спортшылар семсерлесу, кедергілер жолағы, жүзу және laser run сайыстарында бақ сынады.

Айта кетейік, бүгін, 18 қыркүйекте Кирилл Стадник пен Лев Чувашов В жартылай финалында өнер көрсетеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz