RU
Толық нұсқаға өту
@Turizm_jane_sport_ministrligi

Жапонияда Азия ойындарының қарсаңында Қазақстан туы салтанатты түрде көтерілді

18.09.2026, 16:57 60

Жапонияда Азия ойындарына қатысушы елдердің тулары салтанатты түрде көтерілді, деп хабарлайды «24KZ».

ХХ жазғы Азия ойындарының қарсаңында Жапонияда ұлттық делегацияларды ресми қарсы алу шарасы өтті. Үш күнге созылған мемлекеттік туларды көтеру рәсімінің шешуші кезеңінде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Шри-Ланка, Ливан, Таиланд және Филиппин делегациялары қатысты.

Салтанатты шара барысында қатысушы елдердің әнұрандары орындалып, тулары көтерілді. Сондай-ақ делегациялар мен жарыс қожайындары өзара естелік сыйлықтармен алмасты. 

Биылғы Азия ойындарында Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 558 спортшы бақ сынап, жарыс бағдарламасына енген 43 спорт түрінің 35-інен жүлдеге таласады.

Айта кетейік, ХХ жазғы Азия ойындары 19 қыркүйек пен 4 қазан аралығында Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өтеді. Жекелеген жарыстар Токио, Осака, Сидзуока және Гифу қалалары мен префектураларында ұйымдастырылады. Ал ойындардың ресми ашылу салтанаты бүгін, 19 қыркүйекте Nagoya City Mizuho Park Athletic Stadium стадионында өтеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz