RU
Толық нұсқаға өту
Olympic.kz

Азиада-2026: Қазақстан волейболдан ширек финалда Кореямен кездеседі

19.09.2026, 23:00 43

Аичи және Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында волейболдан Қазақстан әйелдер құрамасының ширек финалдағы қарсыласы анықталды.

Жартылай финалға шығу үшін Қазақстан құрамасы D тобында бірінші орын алған Оңтүстік Кореямен кездеседі.

Қазақстан құрамасы В тобында екінші орын алып, плей-офф кезеңіне жолдама алды. Турнирдегі алғашқы ойында қазақстандық волейболшылар Филиппин құрамасын 3:1 есебімен жеңсе, кейін Қытайға 0:3 есебімен жол берді.

Оңтүстік Корея құрамасы топтық кезеңді жеңіліссіз аяқтады. Олар Гонконг пен Катарды 3:0 есебімен жеңіп, Вьетнамды 3:1 есебімен ұтты.

Қазақстан мен Оңтүстік Корея арасындағы ширек финалдық матч 20 қыркүйекте өтеді. Ойын Астана уақытымен 12:00-де басталады.

Olympic.kz

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz