Азия ойындарының бүгінгі жарыс күні де тартысқа толы болмақ.
Сонымен Жапонияның Аичи префектурасы мен Нагоя қаласында өнер көрсететін қазақстандық спортшылардың турнирлік кестесі мынадай:
Біздің уақытпен сағат 11:00-де аралас жекпе-жек бәсекесі өтеді, 12:05-те су добынан Қазақстан мен Сингапур әйелдер командасы кездеседі. 12:40-та ерлер арасында баскетбол сайысы ұйымдастырылады. Ал 13:00-де жүзуден ерлер командасы 100 және 200 метр қашықтықта жарыс жолына шығады. Сағат 13:55-те 55 және 68 келі салмақтағы ерлер мен әйелдердің каратэ сайысы, 14:00-де ушу шеберлері жүлдеге таласады.
Тегтер #Азия ойындары #турнирлік кесте #Жапония #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz