Қоржынға тағы қола медаль түсті. Қазақстанның қазіргі бессайыстан ерлер құрамасы қола жүлдені жеңіп алды.
Осылайша, 16 жылдан кейін аталған спорт түрінен Қазақстанды Азия ойындарының тұғырына қайта шығарды. Соңғы жүлдені 2010 жылы иеленген еді. Финалдық кезеңде Қазақстан намысын Тихон Варехин, Темирлан Абдраимов, Лев Чувашов қорғады. Төрт қазақстандық спортшы да жартылай финалдық кезеңнен сәтті өтіп, шешуші сынға жолдама алды. Қазіргі бессайыс бағдарламасына семсерлесу, жүзу, кедергілер жолағынан өту және жүгіру мен нысана көздеуді біріктіретін laser run сайысы кіреді.
Тегтер #Бессайыc #қола жүлде #спорт #Азия ойындарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz