Жазғы Азия ойындары Қазақстан құрамасы үшін сәтті басталды. Бүгін отандық спортшылар ел қоржынына 4 алтын салды.
Соның екеуі карате шеберлеріне тиесілі. Ұлттық құрама өкілдері Жоламан Биғабыл мен Софья Берульцева Жапонияда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарының жеңімпаздары атанды. Каратэден кумитэ бағдарламасы бойынша 55 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында Жоламан Өзбекстан спортшысымен кездесіп, шешуші жекпе-жекте қарсыласын 9:1 есебімен сенімді жеңді. Ал 68 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Софья Берульцева финалда таиланд спортшысынан басым түсті.
Тегтер #спорт #каратэ #Азия ойындары #Азиада 2026Phone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz