Қазақстанның әйелдер құрамасы үстел теннисінен 2026 жылғы Аичи–Нагоя Азия ойындарындағы командалық жарыстың екінші кездесуін өткізіп, Мальдив құрамасын жеңді, деп хабарлайды 24KZ.
Қазақстандық спортшылар Мальдив өкілдерімен кездесіп, 3:1 есебімен басым түсті. Осы жеңістен кейін Қазақстан құрамасы С тобында екінші орынға көтерілді.
Айта кетейік, бұған дейінгі алғашқы ойында Қазақстан Оңтүстік Корея құрамасына есе жіберген болатын.
Азия ойындарында Қазақстанның намысын Зауреш Акашева, Сарвиноз Миркадирова, Жанерке Кошкумбаева, Альбина Жаксылыкова және Ангелина Романовская қорғап жатыр.
Тегтер #24жаңалықтар #24KZ #Үстел теннисі #жеңісPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz