Аралас жекпе-жек шебері Қадырбек Шынбаев Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының алтын медалі үшін күреседі.
Отандық жауынгер 71 келіге дейінгі салмақтың (modern) жартылай финалында сынға түсті.
Қадырбек бұл кезеңде өзбекстандық Нодирбек Шавкатовты тізе бүктірді.
Айта кетейік, бұған дейін Еркінғали Бүркіталин (77 келіге дейін) дәстүрлі аралас жекпе-жектен финалға шыққан еді. Ал Санжар Әділов (65 келіге дейін) жарысты қола жүлдемен аяқтады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ММА #Қадырбек Шынбаев #финал #спорт #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz